Абылай Қадырхан - фотографиялық реализм бағытындағы жас дарын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абылай Қадырхан - фотографиялық реализм бағытындағы жас дарын

03.11.2015
Абылай Қадырхан - фотографиялық реализм бағытындағы жас дарын

Суретші Абылай Қадырхан қазір танымал адамдардың портретін салумен айналысады.  Алғашқыда жай ғана әуестік болғанмен, бүгінде бұл өнерін кәсіби деңгейге жеткізіп, фотографиялық реализм бағытына түбегейлі ден қойған.

Жас дарынның ерекше дүниелері ғаламторда көптің көңілінен шығып үлгерді. Өнер жұлдыздары да тосын жаңалықты тосырқамай қарсы алған.

«Мен портретін салған жұлдыздардың арасында Азамат Сатыбалды, Абай Бегей рахметін айтып, әлеуметтік желідегі өз парақшаларында бөлісті. Сондай-ақ, Тимур Бекмамбетов Голливудта фильм түсіріп жүріп, жұмыстарыма қызығушылық танытып, өз парақшасына менің салған суреттерімді жариялап отыр»,-дейді суретші.

Суретшіге бір портретті толық кескіндеу үшін екі-үш күндей уақыт кетеді. Абылай портрет салғанда көбіне фотосуретке жүгінеді.  Ол болашақта айтулы тұлғалар бейнесінің тұтас галереясын жасағысы келеді.

Суретшінің өзге де жұмыстарымен танысқыңыз келсе,  «Таңшолпанды» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу