«Еңлікгүл-2014» сыйлығының иегерлері марапатталды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еңлікгүл-2014» сыйлығының иегерлері марапатталды (ВИДЕО)

28.03.2014
«Еңлікгүл-2014» сыйлығының иегерлері марапатталды (ВИДЕО)

Алматыда «Еңлікгүл-2014»  театр өнерінің кәсіби сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті. Осымен 5 рет ұйымдастырылған өнер сайысына 46 театрдан 160-тан аса үміткер ұсынылыпты.

 
Тәуелсіз сарапшылардың таңдауымен 7 аталым бойынша 14 адам ақтық кезеңге өтіп, солардың ішінен әр номинация бойынша үздік деп танылғандар марапатқа ие болды. 
«Еңлікгүл-2014» сайысында «Жылдың үздік режиссері», «Жылдың суретшісі», «Жыл актері» номинациялары бойынша жеңімпаздарға 1 миллион теңге қаржылай сыйақы берілді. 
 
Бұдан бөлек ынталандыру сыйлықтары, яғни, «Жыл драматургы», «Музыкалық көркемдеушісі», «Суретші-гример» сынды аталымдар бойынша  жұмысы көзге көрінгенмен өздерін ел тани бермейтін маман иелері марапатталды.
 
Азамат Сатыбалды,  жылдың үздік актері:
Бұл сезімді, бұл қуанышты басқа жеңістермен салыстыруға болмайды. Менімен бірге түскен актер Қуандықтың алдында басымды иемін. Актерлердің барлығы жеңімпаздар. Әрине, ұлпадай бақ бүгін менің басыма қонса, ертең басқаның басына қонары хақ. Сондықтан, осындай жеңіс баянды болсын.
 
 
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу