Әлішер Жүргенов хандар мен батырлардың портретін ерекше қолтаңбамен бейнелейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлішер Жүргенов хандар мен батырлардың портретін ерекше қолтаңбамен бейнелейді

06.12.2018

Әлішер Жүргенов 200-ге жуық картина салған. Оның саятшылық, шайқас, тылсым, басқа да туындыларында қимыл-қозғалыс, ерекше мазмұн, өзіндік рең бар.

Қызылорда облысы Арал ауданының тумасы Әлішер Жүргенов мектеп қабырғасынан сурет үйірмесіне қатысқан екен. 9-сыныпты бітіргеннен кейін танымал қылқалам шебері Қайырбай Закировтың кеңесімен Орал Таңсықпаев атындағы Алматы сәндік қолданбалы өнер колледжіне оқуға түседі. Ұстазы Әли Бақтыгереевтің шеберханасынан бейнелеу өнерінің қыр-сырын үйренеді.

Жас болса да талантымен танылып жүрген Әлішер 4 жылдан бері шығармашылықпен бірге, оқытушылықты қатар алып келеді. Портрет өнерін шебер игерген маман. Автор Әбілқайыр, Уәли, Абылай сынды хандар мен белгілі батырлардың портретін ерекше қолтаңбамен бейнелеген. 

Ол тарихи, тұрмыстық, пейзаж, портрет жанрында терең ойлап ізденіспен салатын суретші. Қылқалам шебері көрмелерге де жиі қатысып тұрады. 

«Көбіне реалистік бағыт арқылы заттардың, түстердің бір-бірімен байланысын беруге тырысамын. Осы уақытта қалып қоймаймын. Жалпы, үнемі ізденіс үстіндемін», - дейді суретші.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу