Астанада «Бейбітшілік ағашы» инсталляциясы көпшілікке таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Бейбітшілік ағашы» инсталляциясы көпшілікке таныстырылды

12.12.2022

Астанада «Бейбітшілік ағашы» инсталляциясы көпшілікке таныстырылды. Бейбітшілік және келісім сарайына орнатылған өнер туындысына әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ізгі тілектері мен жолдаулары жазылған. Жобаның авторы – белгілі суретші Лейла Махат. Ол интерактивті өнер инсталляциясы жалпыадамзаттық ортақ құндылықты іздеуді сипаттайды –дейді. Жобаның ашылуына Парламент депутаттары, Қазақстандағы бірқатар шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшылары, жоғары оқу орындарының, діни және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев «Бұл - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 7-Съезінен жасампаз естілік», - дейді.

Мәулен Әшімбаев ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Инсталляция VII Съездің негізгі мазмұнын, негізгі идеяларын жеткізіп тұр деп айта аламыз. Астанамызға келген қонақтар да қаламыздың тұрғындары да келіп тамашалайтын маңызды нысан болатынына толықтай сенеміз.

Хабарламаларға жазылу