Алатау-Тамшыбұлақ тегін иеленіп жүргенімді мақтан тұтамын – Пипа Алатау-Тамшыбұлақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алатау-Тамшыбұлақ тегін иеленіп жүргенімді мақтан тұтамын – Пипа Алатау-Тамшыбұлақ

20.11.2015
Алатау-Тамшыбұлақ тегін иеленіп жүргенімді мақтан тұтамын – Пипа Алатау-Тамшыбұлақ

XIX ғасырда Орталық Азияны, соның ішінде қазақ даласын зерттеген ғалымдардың бірі – Томас Аткинсон мен оның жұбайы Люси Аткинсон. Олар Алтайдан Оралға дейінгі аралыққа саяхат жасап, халқымыздың тұрмыс-салтын, тыныс-тіршілігін зерттеген.

Тіпті, Қазақ жерінде дүниеге келген ұлының есімін Алатау-Тамшыбұлақ деп қойған.

«Сенбілік таң» хабарының ұжымы Ұлыбританияда Томас Аткинсонның неменесі – Пипа Алатау-Тамшыбұлақ пен Томас Аткинсон туралы зерттеп жүрген жазушы Ник Филдингпен кездестіп, эксклюзивті сұхбат құрды.

«Томас Аткинсон өте алғыр, еңбекқор адам болған. Ол суретшілігімен қатар, архитекторлық қасиетімен танылған. Мен Томас пен Люси Аткинсондардың еңбектерін қолға алып, қайта зерттеп жатырмын. Томның жүріп өткен жерлерін, қайта жүріп өткім келеді», дейді ғалым Ник Филдинг.

Ал, Пипа Алатау-Тамшыбұлақ: «Атамыз Аталау-Тамшыбұлақ Қазақ жерінде дүниеге келгендіктен, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, сал-дәстүрін көп насихаттайтын. Мен де осындай текті иеленіп жүргенімді мақтан тұтамын», дейді.

Сұхбатты «Сенбілік таңнан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу