Елбасы мақаласындағы тапсырмаларды орындау мақсатында Алматы облысында бірнеше экспедиция сапарға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы мақаласындағы тапсырмаларды орындау мақсатында Алматы облысында бірнеше экспедиция сапарға шықты

17.10.2017

Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласындағы тапсырмаларды орындау мақсатында Алматы облысында бірнеше экспедиция сапарға шықты. Солардың бірі отандық БАҚ өкілдері мен блогерлерден құрылған топ. Екі күндік сапарда олар Қойлық және Сағабүйен көне қалашықтарында, Қапал ауылындағы Тамшыбұлақ қайнарында, ақын Сара музейі мен көне білім ордасы Мамания мектебінде болды. Мектеп 19-шы ғасырдың аяғында жергілікті дәулетті азаматтардың күшімен салынған. Білім ошағы Жетісу өңіріндегі алғашқы меценаттық қозғалыстың айқын көрінісі. Сондықтан, «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруда атымтай жомарттарға Маман әулетінің бастамалары жиі мысалға алынып тұрады.  

Алпамыс Қазбанбетов, Мамания орта мектебінің директоры:

 - Бұл жерден қазақ зиялыларының көбі шыққан. Оның ішінде Ілияс Жансүгіровымыз бар. Ақиығымыз, Құлагеріміз қазақтың даласына біткен. Біләл Сүлеевіміз бар. Біләл Сүлеев Қарақалпақстанның білім министрі болған кезінде, өздеріңіз білсеңіздер. Барлыбек Сырттанов осы жерде еңбек еткен. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу