Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қазақ өнерпаздары Англияда өнер көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қазақ өнерпаздары Англияда өнер көрсетті

15.12.2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қазақ өнерпаздары Англияда өнер көрсетті. Сомерсет графтығында өткен концертке жергілікті халық жиналып, ұлттық өнерімізге ерекше тәнті болды.

Жас өнерпаздар, ағайынды Аида және Азамат Жаханбектер Абайдың, Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларын орындап, зор қошеметке бөленді. Дуэт, сондай-ақ, жергілікті хормен бірге Алатау Тамшыбұлақ Аткинсонның “Рождество қоңыраулары” әнін тұңғыш рет тыңдарман назарына ұсынды. Алатау Тамшыбұлақ XIX ғасырдың ортасында Қазақстанды зерттеген белгілі саяхатшылар Томас және Люси Аткинсондардың ұлы. Ол Алматы облысы Қапал ауылындағы Тамшыбұлақ бұлағының жанында дүниеге келгендіктен «Алатау Тамшыбұлақ» есіміне ие болған. Кейін оның Гавайиде танымал мемлекет қайраткері және парламент мүшесі болғаны белгілі.

Пеппа Смит, аткинсондардың ұрпағы,

Алатаудың өлеңі нотаға түсіріліп, шығармаға жаңа өмір сыйланды. Нәтижесінде керемет концерттің куәсі болып отырмыз.
Стив Браун, аткинсондардың ұрпағы,

Қазақ музыкасының ирландиялық ұлттық музыкаға ұқсастығы бар екендігі таң қалдырды. “Қос Арнаның” бүгінгі ән кешіне өте ризамыз.

Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу