Парижге жасалған шабуылдар қаланың 2024 жылғы Олимпиаданы өткізуіне кедергі бола алмайды - ХОК - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижге жасалған шабуылдар қаланың 2024 жылғы Олимпиаданы өткізуіне кедергі бола алмайды - ХОК

18.11.2015
Парижге жасалған шабуылдар қаланың 2024 жылғы Олимпиаданы өткізуіне кедергі бола алмайды - ХОК

Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах айтты.

Жұма күні Париждегі мейрамханалар мен концерт залына, футбол стадионына арнайы ойластырылған түрде жасалған шабуылдардың салдарынан кемінде 129 адам мерт болды. «Өз кезегінде бұл жағдай 30-қарашаға жоспарланып отырған БҰҰ-ның Климаттық саммиті, келесі жылы өтетін Еуропа Чемпионаты мен  Тур де Франс веложарысын өткізумен байланысты қобалжушылықтар туғызған рас»,-деді Томас Бах.

Оның сөзінше, 2024 жылғы Олимпиадалық ойындарды өткізетін қала 2017 жылы таңдап алынады. Аталмыш бәсекені өткізуге кандидат қалалардың бірі – Парижде болған қанды оқиғалар Франция астанасының дауыс беру шараларына қатысуына кедергі бола алмайды.

«Бұл жерде мәселе тек спорттық немесе өзге ірі іс-шаралар туралы ғана болып отырған жоқ. Бұл бүкіл қоғамға қатысты мәселе. Жеңісті лаңкестерге беріп отыра беруге болмайды. Біз бірлігімізді сақтап, өзімізге берік болуымыз керек, әсіресе Олимпиадалық ойындар туралы айтқанда»,-деді халықаралық ұйым басшысы.

Хабарламаларға жазылу