15 қараша – Ұлттық валюта күні
Бүгін Ұлттық валюта - теңге күні. 1997 жылы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 15 қараша – төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.
Ұлттық валютаны теңге деп атауды ұсынған - Халықаралық Инженерлер академиясының академигі, Қазақстанның белгілі ғалымы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің иегері Сауық Тәкежанов еді.
Төл валютамыздың алғаш пайда болуы, өзгеруі және түрленуі тарихы:
- 1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды.
- 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді.
- Теңге Ұлыбританияда басылып шықты.
- 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.
- 1993 жылдың 15 қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді.
- Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды.
- Ұлттық банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп, 1 теңге 500 сомға бекітілді.
- Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.
- 1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2, 5, 10, 20 және 50 теңге номиналды монеталар шықты.
- Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Қазір банкнот - Ұлттық банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета - Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.
- Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.
- 2006 жылы 15 қарашада жаңа үлгідегі банкноттар айналысқа енгізілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Брюссельде шетелдіктер қазақ тілін үйреніп жүр
30.05.2026, 20:21
«ПСЖ» - «Арсенал» матчы «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі
30.05.2026, 20:19
Қазақстандық спортшылар джиу-джитсудан Әлем чемпионы атанды
30.05.2026, 20:18
«Ақтөбе-тарының астанасы!» атты гастрономиялық фестиваль өтті
30.05.2026, 20:17
«Достық үйінің» іргетасы қаланды
30.05.2026, 20:16
Ұлттық музейдің желдету және ауа баптау жүйесі жаңартылды
30.05.2026, 20:15
«Заң керуені» жобасы ауылдарда жалғасын тапты
30.05.2026, 20:13
Реновация мен урбанистика саласындағы өңірдің тәжірибесі таныстырылды
30.05.2026, 20:12