Жұма, кешке, Парижде шабуылға қатысқан барлық бес лаңкестің көзі жойылды, деп мәлімдеді Париж полициясының префекті Мишель Кадо. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
«Барлық бес лаңкес өлтірілді», -деп мәлімдеді префект журналистерге.
Әңгіме «Стад де Франс» стадионындағы үш екі жанкешті және «Батаклан» концерт залына бірнеше рет шабуыл жасап, адамдарды тұтқынға алған үш лаңкес жайында.
Алдын ала деректерге сәйкес, лаңкестердің бірі стадионға жақын жерде граната жарған, ал екі жарым минуттан кейін аренаға кіреберістердің бірінде ол өзін жарып жіберген. Екінші жанкешті-лаңкес «Макдоналдс» алдында үшінші жарылыс ұйымдастарды, оның салдары көп шығынға әкелді. Ол газды баллон жаруы ықтимал.
Шамамен сол уақытта басқа лаңкестер тобы арты адамдар тұтқынымен аяқталған Париждің 10 және 11 округтеріне шабуылдар сериясын жасады.