Қартын қазынасына балаған қазақтың бүгінгі қариялары неге қарттар үйін паналап жүр? Балаларын өсіріп, үйлендіріп, енді қызығын көремін, деп отырғанда ұл-қыздары осында әкеліп тастаған. Мұнда олар түрлі себеппен келген.
Бойынан әл кеткен шақта қолтығынан демер жақыны қалмай, шарасыздықтан қарттар үйін паналағандар болса, бір сәрі. Алайда, бұл мекемедегілердің денінің отбасы, бала-шағасы, немере-шөбересі бар. Қиыны сол...
Қалған санаулы ғұмырын отбасынан жырақта өткізген қам көңіл қариялар туралы бүгін 11:45-те «Айтуға оңай...» хабарының қайталауынан көріңіз.