Суат Әбусейітов – қазақ ән өнеріндегі жарқын жұлдыз. Ол тұңғыш рет қазақ халық әндерін ғылыми тұрғыдан зерттеп, ғажап дауысымен бұзылмаған күйі бүгінге жеткізді. Өткен ғасырдың 50-60 жылдары әншінің талантына бас иіп, ұстаз тұтқандардың қатары көп болды.
«Суат Әбусейітов ешкімге жалтақтауды білмейтін. Жүрегі қалаған әнді ғана шырқайтын»,-дейді әншінің төл шәкірті Нұрғали Нүсіпжанов.
«Ол кісі көзге түсе қояйын деп орыс әндерін айтуға тырыспады. Қазақ әндерін керемет орындайтын. Сол үшін де мен ол кісіні терең түсіндім»,-деп еске алады ол.
Әнші әйгілі күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевпен тығыз шығармашылық байланыста болған. Сазгер жаңа әндерін тек Суат Әбусейітовке ғана сеніммен тапсыратын.
Бұл турасында Нұрғали Нүсіпжанов: «Суат аға Нұрғиса Тілендиевтің ешкім естімеген әндерін құбылтып айтып жүретін. Меніңше, ол кісінің шабытына күш берген Нұрекеңнің шығармашылығы болуы керек»,-дейді.
Суат Әбусейітов әншілікпен қатар, актерлік шеберлігін де сынап көрді. Оған дәлел – «Біздің сүйікті дәрігер» атты көркем фильмі. Мұнда ол өзін-өзі сомдады. Бойына түрлі өнерді жиған талант иесі орындаған әндер ешкімге ұқсамайтын ерекше бояуымен халық жадында.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.