4-6 қараша аралығында Қазақстан Республикасында «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбы бойышна «Қыс-2015» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары В.К.Божко басқарған басшылық штабы Петропавл қаласында орналасатын болады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқу-жаттығу азаматтық қорғау қызметтері мен құрамаларының қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға әзірлігін арттыру мен ден қою деңгейін тексеру мақсатында өткізіледі.
«Қыс-2015» оқу-жаттығуы барысында барлық республика аумағында ТЖ-ны жою және зардап шеккендерге көмек көрсету жөнінде тактикалық-арнайы жаттығулар өтеді.