Қазақстан теміржолшыларының жастармен жұмыс тәжірибесі үздік деп танылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан теміржолшыларының жастармен жұмыс тәжірибесі үздік деп танылды

30.10.2015
Қазақстан теміржолшыларының жастармен жұмыс тәжірибесі үздік деп танылды

Аталған шараға Ресей, Беларусь, Армения, Молдова, Украина, Грузия, Латвия және Өзбекстан теміржол әкімшіліктерінің өкілдері қатысты.

Отырыста «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның басқарушы директор – бас инженер Серік Төлебаев, компанияның негізгі ұстанатын бағыттары мен даму стратегиясы туралы айтты.

Отырысқа қатысушылар Ұлттық компанияның жас мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған жастар саясаты және кадр мәселелерімен танысты.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның  кадр мәселелері және жастар саясаты бойынша тәжірибесі мол. Тіпті, ТМД елдерінің теміржол әкімшіліктерінің сіздерден үйренері көп» - деді «Ресей темір жолдары» ашық акционерлік қоғамының  Ішкі саясат және корпоративті мәдениетті дамыту орталығының басшысы Нигора Мирзакаримова.

Отырыс барысында жастар саясатын жүзеге асырудағы туындаған сұрақтар, кәсіби жас мамандар арасында тәжірибе алмасудың маңыздылығы төңірегінде пікір алмасылды.

Достастыққа қатысушы елдердің темір жол көлігі  кеңесінің  жұмыс тобы кәсіби, әлеуметтік және мәдени байланыстарды дамыту, теміржол әкімшіліктері арасында кадр және жастар саясаты мәселесі бойынша тәжірибе алмасу мақсатында құрылған.

 

Хабарламаларға жазылу