«Астана Опера» Италия тарапымен бірлесіп «Қыз Жібек» операсын сахналайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Опера» Италия тарапымен бірлесіп «Қыз Жібек» операсын сахналайды

26.10.2015
«Астана Опера» Италия тарапымен бірлесіп «Қыз Жібек» операсын сахналайды

«Астана Опера» театры 2015 жылдың желтоқсанында италиялық әріптестерімен бірге Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсын қояды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

«Италияның жоғары білікті мамандармен орнатқан ынтымақтастығымыздың арқасында қазақ операларын басқа форматта қоя бастадық. Жуырда ғана Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсының премьерасы өтті. Бұл операның қойылымына Италияның білікті мамандары атсалысты. Сонымен қатар 2015 жылдың соңында біз Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсын қоямыз», - деді А.Мұхамедиұлы.

А.Мұхамедиұлы мақтанышпен хабарлағандай, Қазақстанның белгілі опера солистері Италияны өз өнерлерімен таң қалдырып жүр және бір-екі айдан кейін Италияның басты сахнасында отандастарымыз тағы өнер көрсетеді.

«Алдағы желтоқсан айында «Астана Опера» театрының солистері, атап айтсам, Медет Шотабаев, Сүндет Байғожин, Айгүл Ниязова және Әлфия Кәрімовалар Италияда «Богема» операсын орындап шығады», - деп хабарлады министр.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу