Берлин қаласындағы ең басты ғимараттардың шатыры омартаға айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Берлин қаласындағы ең басты ғимараттардың шатыры омартаға айналды

22.10.2015
Берлин қаласындағы ең басты ғимараттардың шатыры омартаға айналды

Музыкалық аспаптар үйі, Берлин соборы мен үкіметтік ғимараттар араларды өсіру үшін пайдаланылуда. Осыған орай ара өсірушілер бір маусымда 20 келі бал алатын деңгейге жетті.  Қазір Германия астанасында мұндай омарталар саны мыңнан асады. Жөні бөлек жобаға депутаттар да қолдау көрсеткен. Бастамашы топ алдағы уақытта өнім көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Айта кетейік, біздің елімізде жыл сайын бал фестивалі өткізіледі.

Бал мерекесі – бал жәрмеңкелерін өткізу дәстүрін қайта жаңғыртады. Аталмыш шара елордада биыл 16 тамызда өткізілді. Көрме-жәрмеңкеде қала тұрғындары мен қонақтары омарташылардан жан-жақты кеңес алып, балдың пайдалы қасиеттері мен түрлері туралы білді. Сонымен қатар мұндай басқосуларда тұрғындар сапалы, дәмді және экологиялық таза өнімдер сатып ала алады. 

Ал, елімізде Өскемен қаласы ара шаруашылығының дамуы бойынша көш басында тұр. Аймақта 78 мың бал ара ұясы бар. Жылына 1,500 тонна тауарлық бал өндіріледі.

  

Хабарламаларға жазылу