ШҚО-дағы дауылдан ғимараттардың шатыры ұшты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-дағы дауылдан ғимараттардың шатыры ұшты

31.05.2018

Шығыс Қазақстанда дауыл тұрып, оннан астам әлеуметтік нысанға зақым келді. Аягөз, Шар, Жарма аудандарында мектеп, балабақша және аймақтық инспекция сияқты бірқатар әлеуметтік нысандардың шатыры ұшып кеткен. Мәселен, Аягөз бен Шар ауданындағы білім ошақтарының төбесінің 400 шаршы метрден артық аумағы қираған. Ауа райының тосын мінезі туралы тұрғындарға алдын ала мәлімет таратылған. Жапа шеккендер жоқ. Қазір оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Анастасия Скляр, ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы:

- Желдің күші секундына 30 метрге дейін жетті. Тұрғындар дін аман. Құтқару қызметіне көмек сұрап хабарласқан ешкім жоқ.

 

Айдана ДАЙЫРОВА

Хабарламаларға жазылу