Вьетнамда елдің орталық провинцияларын су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вьетнамда елдің орталық провинцияларын су басты

17.07.2017

Бүгін Вьетнамда «Талас» деген тропикалық дауыл соғып, жауын құйып, елдің орталық провинцияларын топан су басты. Соңғы мәліметке қарағанда, 1 әйел үйінің шатыры құлағанда қаза тапқан. Сондай-ақ, көмір тиелген кемемен қоса 10 адам теңізге батып кетті. Олардың тағдыры әзірге белгісіз. 

Мемлекет астанасы Ханойдың да көшелері өзенге айналды.

Айта кетсек, «Талас» - Вьетнамға биылдыққа соққы берген екінші тропикалық жел.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу