Қарағанды облысында ер адам найзағай отынан қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында ер адам найзағай отынан қаза тапты

11.08.2023

Қарағанды облысында 46 жастағы ер адам найзағай отынан қаза тапты. Ол аялдамада тұрғанда қатты күн күркіреген. Қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Айта кетейік, кеше Қарағандыда қатты нөсер жауып, көшелерді су басты. Кейбір ғимараттардың шатыры ұшып, қаладағы біраз үйлер мен мекемелер жарықсыз қалды. Коммуналдық шаруашылық түнімен қала көшелерін судан тазартып, тұрғын үйлерге жарық берілді.  


Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу