Жыл басынан бері елорда халқының саны артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері елорда халқының саны артты

21.10.2015
Жыл басынан бері елорда халқының саны артты

Соның ішінде «Алматы» ауданы бойынша – 381 470 (44%), «Есіл» ауданы бойынша – 134 472 (15,5%), «Сарыарқа» ауданы бойынша – 351 848 (40,5%) адамды құрады.

Астана қаласы Статистика департаментінің хабарлауынша, 2015 жылдың басымен салыстырғанда, Астана қаласы халқының жалпы саны 14 908 адамға, соның ішінде «Алматы» ауданы бойынша - 1616 адамға, «Есіл» ауданы бойынша - 7644 адамға, «Сарыарқа» ауданы бойынша - 5648 адамға көбейді.

Жыл басынан бері халықтың табиғи өсімі 14 523 адамды, көші-қон өсімі 385 адамды құрады.

Астана қаласы бойынша ағымдағы жылы жалпы алғанда жаңа туған 17 129 бала тіркелген. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,9 пайызға көп. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 7,5 пайызға артып, 14 523 адамды құрады.

Жыл басынан бері АХАТ органдарында тіркелген некелер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4 пайызға азайды, ажырасулар саны 8,9 пайызға өсті.

 

 

Хабарламаларға жазылу