Астананың 16 жылда жеткен жетістіктері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананың 16 жылда жеткен жетістіктері

06.07.2014
Астананың 16 жылда жеткен жетістіктері

Жас қалада жасалған істер көп. Білім, мәдениет, спорт дейсіз бе, барлық салада ірі ілгерілеу бар. Сандар сөзімізге дәлел. Мәселен, елорда орталыққа көшкен тұста, қала халқының саны небәрі 275 100 адам болатын. Ал қазір Астанаға қоныс аударушылардың саны артып, 825 375 адамға жетті.

1997 жылы Астанада бас-аяғы 44 балабақша болса, бүгінде бұл көрсеткіш 148-ге артты. Тиісінше, орындар көбейіп, мектепке дейінгі білім беру жүйесі жақсарды. 

Ал орта білім мектептер саны 66-дан 84-ке жетті. Оның 72-сі мемлекеттік болса, 12-сі жекеменшік.

1997 жылы 10 жоғары оқу орны болатын. Қазір олардың саны – 15. Ал денсаулық сақтау мекемелерінің саны 19-дан 34-ке артты.   

 

Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу