Қазақстанның Кеден одағы елдерімен сыртқы сауда айналымы 23 пайызға төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның Кеден одағы елдерімен сыртқы сауда айналымы 23 пайызға төмендеді

18.08.2014
Қазақстанның Кеден одағы елдерімен сыртқы сауда айналымы 23 пайызға төмендеді

Қазақстанның Кеден Одағы елдерімен сыртқы сауда айналымы 23 пайызға төмендеді. Бұған Ресей  экономикасының төмендеуі себеп.

Жыл басынан бері Ресей тарапынан қазақстандық экспорттық өнімдерге сұраныс кеміп, Ресейден Қазақстанға келетін импорт 24 пайызға төмендепті.

Биыл орташа айлық жалақы 13,5%-ға артқан. Яғни бір жұмысшының айлығы 124 мың 780 теңгеге жетті.

Сондай-ақ, биыл Қазақстан халқының саны да 124 мың адамға артқан. Осылайша қазіргі көрсеткіш бойынша ел тұрғындарының саны 17 миллион 284 мыңға жетті.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу