Астанаға қоныс аударушылардың саны артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанаға қоныс аударушылардың саны артты

23.07.2014
Астанаға қоныс аударушылардың саны артты

Жыл басынан бері Астана халқының саны 17 560-қа артты. Халықтың табиғи өсімі - 8128 адамды, көші-қон ағыны  9432-ні  құрады.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, елорда тұрғындарының саны ішкі (9004 адам) және сыртқы (428 адам)  көші-қонның есебінен артып отыр.

Бұл ретте қалаға негізінен Ақмола, Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарынан қоныс аударушылардың саны басым.  

Шетелдіктер арасынан Астанаға тұрақты тұру үшін Өзбекстан мен Қытай азаматтары жиі келеді. Екінші орында Қырғыз Республикасы және Моңғолия, содан кейін Түркия, Ресей және Әзірбайжан елдері.

Ал, Түркіменстан, Украина және Тәжікстаннан келетіндердің  саны аз.

Астанаға қоныс аударушылардың басым бөлігі жұмысқа орналасу, жеке ісін ашу және білім алу мақсатымен келеді.  

Хабарламаларға жазылу