Елімізге шетелден келетін туристер саны артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізге шетелден келетін туристер саны артты

05.09.2023

Жыл басынан бері қонақ үйлер мен хостелдерге жарты млн шетелдік тоқтаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есе көп. Оның тең жартысы демалу үшін, ал қалғаны іскерлік кездесуге келген. Сырттан келген меймандардың көшін әдеттегідей Ресей бастап тұр. Үндістандық туристер саны да артты. Соңғы бір жылда бұл елден келген қонақтар 6 есеге көбейген. Қытай мен АҚШ тұрғындары да Қазақстанға жиі келетін болған. Ал түркиялық туристер, керісінше 8 пайызға азайды.

Хабарламаларға жазылу