Бүгін Данияр Елеусінов пен Иван Дычко бокстан Әлем чемпионы атағы үшін сынға түседі
Дохада (Катар) өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектер басталды. Бүгін жарыстың бұл кезңіне шыққан екі қазақстандық боксшы алтын жүлде үшін сынға түседі.
Жерлестеріміз арасынан шаршы алаңға алғашқы болып құрама капитаны Данияр Елеусінов (69 келі) шығады. Ол финалда мароккалық Мохаммед Рабиимен кездеседі.
Ал, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Иван Дычко (+91 келі) Әлем чемпионы атағы үшін франциялық Тони Йокамен таласады.
Айта кетейік, бокстан Әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін «KAZsport» телеарнасы бүгін сағат 21:55-те тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, барлық кездесулерді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан бүгін түнгі 00:15-те көре аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2026, 20:41
Татулық пен бірлікті дәріптеген ауыл
01.05.2026, 20:39
Жол сапасын цифрлық платформа қадағалайды
01.05.2026, 20:38
1 мамыр мерекесінде ондаған миллион жолаушы сапарға аттанды
01.05.2026, 20:36
500-ге жуық түрлі этнос өкілі бір мезетте өнер көрсетті
01.05.2026, 20:34
«Қазақстан - бірлік мекені» атты мәдениет фестивалі өтті
01.05.2026, 20:32
Әлемде миллиондаған адам Еңбек күнін атап өтіп жатыр
01.05.2026, 20:30
Семейде достық фестивалі өтті
01.05.2026, 20:30