Ертең «Таңшолпанның» тікелей эфирінде «Ең үздік махаббат баяны» байқауының қорытындысы шығарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең «Таңшолпанның» тікелей эфирінде «Ең үздік махаббат баяны» байқауының қорытындысы шығарылады

29.12.2016
Ертең «Таңшолпанның» тікелей эфирінде «Ең үздік махаббат баяны» байқауының қорытындысы шығарылады

Танымал әнші Маржан Арапбаева таңғы тартуымен «Таңшолпанның» төрінде. Қызыққа толы мерекелік эфирді бірге тамашалайық.

Жаңа жыл қарсаңында мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру орталығына қандай тапсырыстар түсіп жатыр? Ұмытылмастай ерекше кеш өткізудің жолдарын арнайы маман айтады.

Ертең тікелей эфирде «Ең үздік махаббат баяны» байқауының қорытындысы шығады. Жеңімпаз жұпты бірге анықтайық!

«Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында» осы жылы қанша бала дүниеге келді? Оның нешеуі ұл, нешеуі қыз? Толығырақ дәрігер сұхбатында.

anamenbala

Жаңажылдық отшашуларды қолданарда нені ескерген дұрыс? Қандай жарылғыш заттарды сатуға тыйым салынған? «Таңшолпан» тілшісі арнайы тексеріске шықты.

Тауық жылы өмірге келген адамдардың мінез-құлқы қандай болады? Оларды алдағы жылы не күтіп тұр?

tauykzhyly

Жаңа жылда күн-түн демей, үздіксіз жұмыс істейтін мекемелер бар. Мерекеде кімдердің жұмысы қыза түспек?

Жаңажылдық дастарханды қалай безендіруге болады? Қандай тағамдар әзірлеген дұрыс? Әріптесіміз Жазира Елғонова Марат Омаровтың шаңырағыңда қонақта болды.

2016 жылы елімізде қанша көлік сатылды? Көлік саудасы жөнінен қай қала көш бастап тұр?

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша Астана қаласында 16 тұрғын үй тапсырылады. Баспаналы болғандар кімдер?

30 желтоқсан сағат 07:00-10:00 аралығында «Таңшолпан» бағдарламасынан көріңіздер.

Хабарламаларға жазылу