Бүгінгі күні облыс бойынша күріш ору жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Биыл ОҚО бойынша 3 мың 990 гектар алқапқа күріш дәні себілді. Оның 1700 гектар алқабы жиналып, жалпы түсімі гектарына 58 центнерді құрады.
Ал жалпы алынған өнім көлемі – 9800 тонна. Облыста күріш егумен Мақтарал және Шардара аудандары айналысады. Соның ішінде Мақтарал ауданында 2 мың 580 гектар алқапқа күріш егілген.
Қазіргі таңда өнімнің 900 гектары жиналған, яғни әр гектардан 56 центнер күріш алынды. Бүгінгі таңда Мақтарал ауданы бойынша жалпы алынған өнім көлемі 5 мың 40 тоннаны құрайды.
Ал, Шардара ауданында 1410 гектар алқапқа күріш егіліп, бүгінге 800 гектар алқабы жиналды. Жалпы өнімнің түсімділігі әр гектардан 60 центнерді құрайды. Мұнда күріш алқабынан 4800 тонна өнім жиналды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі.