Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Барыс» мұз айдынында «Мәңгілік ел» театрландырылған концерті өтті. Үш мыңға тарта адам қатысқан қойылымды бүгін сағат 18:00-де Ұлттық арна эфирінен көріңіз.
Шара шымылдығы - «Туған жер» хореографиялық композициясымен ашылады. Мерекелік қойылым 7 бөлімнен тұрады. Мерекелік шараға астаналық мектеп оқушыларынан бастап танымал актерлар қатысқан.
«Мәңгілік ел» театрландырылған қойылымын сағат 18:00-де көріңіз.