Астана әкімі қала тұрғындарын «Мейірімді қала» қайырымдылық акциясына қатысуға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана әкімі қала тұрғындарын «Мейірімді қала» қайырымдылық акциясына қатысуға шақырды

29.11.2016
Астана әкімі қала тұрғындарын «Мейірімді қала» қайырымдылық акциясына қатысуға шақырды

Астана әкімі желтоқсанның 1-і мен 31-і аралығында «Мейірімді қала» акциясы өткізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Kazpravda.kz

2016 жылы қала әкімдігімен 120 мыңнан аса адам әлеуметтік қолдаумен қамтылды. Атап айтқанда, мүгедектер мен зейнеткерлерге медициналық көмек көрсету, дәрілік заттармен қамтамасыз ету, тегін және жеңілдікті санаториялық-курорттық емдеу және т.б.

Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай қазіргі әлеуметтік бағдарламаларға қосымша «Мейірімді қала» қайырымдылық акциясы қолға алынды. 

«Осы бастама аясында әкімдік қызметкерлері мен мекемеге қарасты ұйымдар бұл акцияға бірінші болып қатысады. Бұл бастаманы бизнес-қоғамдастық та қолдайды деп үміттенемін», - деді Астана әкімі.

Акцияның мақсаты - жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлер, II Дүниежүзілік соғыс ардагерлері, барлық топтағы мүгедектер, мүгедек балалар, тұрмысы төмен отбасылар, көп балалы отбасылар, жетім балалар, онкологиялық ауруға шалдыққан балалар, ДЦП-ға шалдыққан балалар және туберкулезбен ауыратын балалар сияқты азаматтардың жеңілдікті санаттарына көңіл аудару және қамқорлық көрсету.

Көмек азаматтардың түрлі бағыттар бойынша, яғни киім, азық-түлік алу, жеңілдікті дәрі-дәрмектер алу үшін дәріханаға арналған сертификаттар, қатты отын және т.б. түрінде көрсетіледі.

«Қоғамда аға буынға деген құрмет пен ынтымақтастық сезімін күшейту мақсатында жастарды – жасотандықтарды, оқу орындарындағы жастар істері жөніндегі комитеттерді және басқа да жастар ұйымдарын акцияға атсалысуға шақырамын. Қарттарға қамқорлық көрсетуіміз керек.

Жалғыз тұратын зейнеткерлердің үйінің ауласындағы қарды тазалау мен пәтерлерін жинауға, азық-түлік сатып алуға көмек көрсетсеңіздер – бұл өскелең ұрпаққа жақсы үлгі болады деп ойлаймын»,-деп атап өтті Ә. Исекешев.

Өзектілігі мен маңыздылығын ескере келе, осындай акцияларды алдағы уақытта тұрақты түрде өткізу жоспарланған. 

Хабарламаларға жазылу