Әділбек Жақсыбеков «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқарма төрағасымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әділбек Жақсыбеков «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқарма төрағасымен кездесті

25.11.2014
Әділбек Жақсыбеков «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқарма төрағасымен кездесті

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Ермегияевпен кездесті.

Қала әкімі мен ұлттық компания басшысы ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін ұйымдастыру және өткізу бойынша өзара әрекеттестік мәселелерін талқылады.

Ә.Жақсыбеков  сөзінде Мемлекет басшысы тапсырған міндеттерді тығыз қарым-қатынаста  орындау қажеттігін атап өтті.

«Біздің әрекеттеріміз инженерлік желілерді, жолдар мен нысандарды салуда, бір сөзбен айтқанда, көрме қалашығына қатысты барлық мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс істеуге бағытталуы тиіс», - деді әкім.

Кездесу қорытындысы бойынша Жол картасы қабылданды.

Құжатта көрме қонақтарының қауіпсіздігі мен оларға жайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған шаралар кешені көрсетілген, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу