«Ақсауыт». «Айбалта - 2015»

27.09.2015
«Ақсауыт». «Айбалта - 2015»

Қандай мемлекеттің Қарулы күш­те­рін­де болмасын әскердің басқа түрлеріне қарағанда Құрлықтағы әскерлердің саны басым. Жалпы, Жаяу әскер деп аталатын Құрлықтағы әскерлер Қарулы күштердің 75-80 пайызын құрайды.

Әлемдік мұхит­тардан алшақ жатқан Қазақстан Қарулы күштерінің негізгі қуаты – Құрлықтағы әскерлерде. Кез келген қарулы қақтығыс Құрлықтағы әскерлердің қатысуынсыз өтпейді.

Биылғы жылдың айтулы оқиғаларының бірі «Айбалта-2015» жарысы.  Бұл жолғы жаттығу басқа жат­тығулардан қойылған міндеттер, ма­невр жағынан, оған қатысатын адамдар мен техникалар жағынан өзгеше болды. 

«Айбалта – 2015» жат­тығуының тағы бір ерекшелігі – оның екі жақты өткізілуінде. Жаттығу басталмас­тан екі ай бұрын жауынгерлердің ішінен 500 адам арнайы тапсырма алып, терро­ристердің рөлін атқаруға кеткен.

Жарыс қалай өтті? Қанша әскер қатысты? Ерекшеліктері қандай? Мақсаты не? бүгін 09:00-де «Ақсауыт» әскери-патриоттық бағдарламасынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу