«Танк биатлоны-2015». Биылғы нәтиже қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Танк биатлоны-2015». Биылғы нәтиже қандай?

23.08.2015
«Танк биатлоны-2015». Биылғы нәтиже қандай?

1-15 тамыз алағында Мәскеудің «Алабино» оқу-жаттығу орталығында өткен  «Танк биатлоны-2015» додасында дәстүр бойынша экипаждар әртүрлі түстегі танктерде өнер көрсетті.

Оған 13 мемлекеттің Қарулы Күштерінің танк экипаждары қатысты.  Екі апта ішінде Қазақстан Құрлық Әскерлерінің танк экипаждарына Ресей, Қытай, Үндістан, Ангола, Венесуэла, Кувейт, Монғолия, Никарагуа, Армения, Сербия, Тәжікстан және Қырғыстанның танкішілерімен сайысуға тура келеді.

Біздің танкті экипаждарымыздың биатлонға қатысуда үлкен тәжірибесі бар.  Өткен жылы жалпыкомандалық сынақта олар Қытайдан келген танкішілерді шаң қаптырып, екінші орынды иеленген болатын.

Ал, биылғы нәтиже қандай?  Дода барысында нендей қателік кетті? Бүгін 09.00-де «Ақсауыт» әскери-патриоттық бағдарламасынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу