«Айбалта-2015» тактикалық жаттығуының үшінші кезеңі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айбалта-2015» тактикалық жаттығуының үшінші кезеңі басталды

10.09.2015
«Айбалта-2015» тактикалық жаттығуының үшінші кезеңі басталды

Соғыс ойынының сценариі Іле жағасындағы қақтығыста ойсырай жеңілген жау, Көктал елді-мекеніне қарай шегініп, сол жерге барып бекінеді.

Дұшпанды тып-типыл етіп талқандау үшін, Сарыөзек станциясына, арнайы эшалонмен Аягөздегі танк бөлімшесі жетті. 40-тан астам соғыс техникасы мен 300-ге тарта десантшы негізгі әскермен тізе қосып, «Көктал» полигонында жауға қарсы үлкен майдан ашады. 

 

Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу