Астанада «Аманат» клубының өкілдері мемлекеттік тілге қатысты мәселелерді талқылайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Аманат» клубының өкілдері мемлекеттік тілге қатысты мәселелерді талқылайды

23.09.2015
Астанада «Аманат» клубының өкілдері мемлекеттік тілге қатысты мәселелерді талқылайды

«Нұр Отан» партиясымен бірлесіп өткізілетін шараның тақырыбы: «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы тілдік қатынастар».

Осы аптада  Мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп көрсетілген Тілдер туралы заңның қабылданғанына 26 жыл толды.

Кейіннен тәуелсіз Қазақстанның Конституциясына арнайы бап болып енгізілген тіл мәселесі мемлекет үшін де, қоғам үшін де маңызды. Әсіресе идеологиялық тетік – бұқаралық ақпарат құралдарындағы тілдік қатынастардың ел бірлігі, қоғам тұтастығы мәселесінде айырықша рөлге ие.

Телеарналардағы мемлекеттік тілдің үлесі 50 пайыздан кем болмауы керек қағидасы қаншалықты орындалып отыр? Осы саладағы олқылықтардың орны толды ма? Интернет ресурстарындағы тілдік қатынастардың жағдайы қаншалықты? Әлеуметтік желі арқылы қоғамдық пікір қай тілде қалыптасып отыр?

Міне осы мәселелер мемлекеттік органдар мен саяси партиялар өкілдерінің, журналистер мен блогерлердің, саясаттанушылар мен медиасарапшылардың қатысуымен талқыланатын болады.

Отырыс 25-қыркүйек күні сағат -15-00-де, Ұлттық академиялық кітапханасында басталады.  

 

 

Хабарламаларға жазылу