Әскери бөлімдер арасында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты байқау өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери бөлімдер арасында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты байқау өтті

18.06.2015
Әскери бөлімдер арасында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты байқау өтті

ҚР Ұлттық Ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдері арасында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты байқау өтті.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге арналған шараға оңтүстік өңірдегі әскери бөлімдерде қызмет ететін сардарлар мен сарбаздар қатысты.

Мемлекеттік тілге ерекше құрметпен қарайтын өзге этнос өкілдері қазақ тілінде өздерін өлеңмен таныстырып, сөз жауһары - мақал-мәтел айтып көрермендерді тәнті етті. 

Байқау талаптары бойынша өнер көрсеткен үміткерлердің барлығы ән айтып, шағын сахналық көріністерге қатысты. Сондай-ақ, ақындардың өлеңдерін жатқа оқып, мемлекеттік тілді еркін меңгергендіктерін көрсетті. 

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу