Астанада Челябі облысының күндері басталды

12.04.2016
Астанада Челябі облысының күндері басталды
Шара аясында қала әкімдігінде қос шаһардың басшылары кездесті.

Астанада Челябі облысының күндері басталды. Шара аясында қала әкімдігінде қос шаһардың басшылары кездесті. Ресейден келген топ 15 жылдық өзара ынтымақтастықты жалғастыруды қалайды. Сондықтан, біршама үлкен жобаларды ала келген.

Оның ішінде, ауыл және мал шаруашылығы, жылыжай кәсібін дамыту жайындағы ғылыми келісімдер бар. Нақты инвестициялық құжаттар да таныстырылды. Сонымен қатар, шетелдік меймандар құны 5 миллиард рубль болатын марганец металын өңдеудің интеграциялық жобасына қатысты мәселелерді тілге тиек етті.

Нұржан СӘДІРБАЙ

Хабарламаларға жазылу