Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық қатысушыларының отырысы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық қатысушыларының отырысы өтеді

15.10.2014
Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық қатысушыларының отырысы өтеді

22-23 қазанда Тәуелсіздік сарайында алғаш рет «ЭКСПО-2017» халықаралық қатысушыларының отырысы өтеді. Шараға Халықаралық көрмелер бюросының басшылары және әлемнің 70-тен астам мемлекет өкілдері қатысады.

Бұл басқосу маусым айында Парижде көрмені топтастырғаннан кейін өткізіліп отырған ең алғашқы ресми шара.

Қатысушы мемлекеттер Астананың ауқымды шараға дайындығымен, көрмеге қатысу шарттарымен танысып, таңдалған тақырыптың ерекшеліктерін талқылайды.

Сондай-ақ, 23-24 қазанда Астанада «Болашақ энергиясы: шығарылатын СО2 мөлшерін азайту» халықаралық форумы өтеді.

Форумға энергетика саласының 500-ден аса жетекші сарапшысы, ғалымдар, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары, мемлекеттік сектор өкілдері қатысады.

 

Хабарламаларға жазылу