Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде азаматтардың салымдарының орнын толтыру жұмыстары жалғасуда - Е. Досаев

22.09.2015
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде азаматтардың салымдарының орнын толтыру жұмыстары жалғасуда - Е. Досаев

ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде бағам айырмасы бойынша  азаматтардың салымдарының орнын толтыру механизмі құрылып жатқанын айтты.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде бағам айырмасы бойынша  азаматтардың салымдарының орнын толтыру жұмысын Президенттің тапсырмасы бойынша «Бәйтерек» xолдингі мен Үкімет жасап жатыр. Тараптар үшін бірдей салмақ салуға бағытталған меxанизмдер жасалуда. Пайданың жартысын «Бәйтерек» пен Құрылыс жинақ банкі бірлесіп, қазір мемлекет тарапынан бөлініп жатқан субсидиялардың көбеюіне жұмсайды», - деп атап өтті министр.

Оның сөзіне қарағанда, қандай шешім жасалғаны жақын арада жарияланады.

ТҚЖБ мәліметтері бойынша, тиісті төлемдерді алу үшін 2015 жылдың 18 тамызына дейін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде депозит ашқан азаматтар өтініш жазып, тұрғын үй құрылысы жинағы туралы Шартқа қосымша келісімге тұруы тиіс. Арнайы шот ашу қажет емес. Бағам айырмасы депозиттің банкте бір сақталуы талабымен төленеді.

Еске сала кетейік, Президент екінші деңгейлі банктердегі салымдарды өтеу бойынша меxанизмдерді дайындауды тапсырған болатын. Осы тұста Елбасы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларын ерекше атап өтті.

Хабарламаларға жазылу