Атырауда балалар үйінің тәрбиеленушілерін қолдауға арналған «Жанашыр» жобасы жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда балалар үйінің тәрбиеленушілерін қолдауға арналған «Жанашыр» жобасы жұмысын бастады

08.06.2015
Атырауда балалар үйінің тәрбиеленушілерін қолдауға арналған «Жанашыр» жобасы жұмысын бастады

Мәселен бір мекеме ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланы қанатының астына  алып, оның тәрбиесіне тікелей ат салысып, оқытып, тоқытады. Маман иесі атанған соң, сол кәсіпорынға жұмысқа да алады. Баспана жайына да қолдау көрсетеді.

Қамқоршы ұжым оның атына «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» есепшот ашып, кәмелетке толғанға дейін қаражат жинақтайды.

Бүгінде ізгі іс басталысымен өңірдегі 4 кәсіпорын өкілдері ата-аналарынан айырылған жас балғындарды қамқорлықтарына алу жөніндегі меморандумға қол қойды.

 

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу