2019 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы күн сайын 160 отбасы үйлі болған. Жыл басынан бері 48 414 салымшы қоныс тойын тойлаған. Бұл - өткен жылмен салыстырғанда, айтарлықтай жоғары көрсеткіш. Яғни, жыл санап банк арқылы үй алатындардың қатары артып келеді.
Биыл табысы төмен, толық емес және көпбалалы отбасыларға арналған «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 4 мыңнан астам жанұя қоныс тойын тойлаған.
Қазір Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 1,5 миллион қазақстандық болашақ баспаналары үшін қаражат жинап жатыр.
Нұрхан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ипотека арқылы баспана сатып алғандардың қатары артты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/120693/)