Қырғызстанда бір тәулікте 4 рет жер сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанда бір тәулікте 4 рет жер сілкінді

22.09.2015
 Қырғызстанда бір тәулікте 4 рет жер сілкінді

Қырғызстанда бір тәуліктің ішінде 4 рет жел сілкінді.

Бұл туралы Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметтерінше, жер дүмпуі соңғы рет кеше жергілікті сағат 21-35-те Нарын облысының Арпа алқабында сезілген. Зілзаланың эпицентрі Ақ-Бейит және Торугарт ауылдарынан 25 шақырым жерде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, жер сілкінісінен зардап шеккендер жоқ. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін жер дүмпулері Жалал-Абад және Ыстық көл облыстарында сезілген болатын, деп хабарлайды Қырғызстанның kabarlar.org агенттігі.

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу