Исландияда 4 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Исландияда 4 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді

14.11.2023

Исландияда соңғы тәулікте 900 мәрте жер сілкінді. Ал кейінгі апталарда елдің оңтүстігінде ондаған мың дүмпу тіркеліпті.

Бұл зілзалалар нәтижесінде вулкан қатты атқылап, балқып кеткен жер жыныстары жағалаудағы қала мен электр станциясынына зиянын тигізуі мүмкін. Осы қауіпке байланысты 4 мыңға жуық адам эвакуацияланған. «Reuters» агенттігінің хабарлауынша, Исландияда жарты жылдан бері жанартаулар белсенділігі басылмай тұр. Бұл жағдайды тамашалау үшін соңғы апталарда вулкандар маңына мыңдаған исландиялық пен туристер барған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу