Соңғы бір тәулікте Алматы облысы мен Алматы қаласында үш рет жер сілкінді. Алғашқы тербеліс жексенбі күні кешкілік Алматы қаласында сезілді. Ал таңғы 02:57-де жер сілкінісі Алматы қаласынан 442 шақырым қашықтықта Алакөл ауданының аумағында тіркелді. Бұл зілзаланың магнитудасы 3,8 балға жетті. Сондай-ақ бүгін күндіз Алматы қаласының солтүстік-шығысына қарай 231-ші шақырымда тағы бір жер сілкінісі болып, оның магнитудасы 4,7-ні құрады. Зілзала ошағы Алматы облысының Текелі қаласы мен Рудничный елді мекендерінің қақ ортасында таулы аймақта тіркеліп отыр. Жер тербелісін Талдықорған қаласы маңындағы елді мекендер де сезген.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Текелі қаласында жер сілкінді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/121672/)