Албанияда жер 340 рет сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Албанияда жер 340 рет сілкінді

23.09.2019

Албанияның астанасы Тирана мен Дюррес және өзге қалаларында 5,8 баллдық зілзаладан 105 адам жараланды. Оқиға сенбі күні болды. Содан кейін жер тағы да 340 мәртеден астам сілкінген. 

Табиғи апаттан 600-ден астам үй зақымданды. Олардың көбі 1990 жылға дейін салынған. Сонымен қатар, елдің батысы мен орталық аудандарында электр жүйесі істен шығып, су тоқтады. 

Дүмпудің ошағы Адриат теңізінің маңында анықталды. Түнгі сағат төрттер шамасында жер тербеле бастағанда, жергілікті халық жаппай сыртқа жүгіріп шыққан. Қауіп сейлмегендіктен 500-дей тұрғын далада түнеді. 

Жалпы алғанда, 98 мектеп зардап шекті. Солардың екеуінде сабақ өткізуге тыйым салынып отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу