Күздің 10 ерекшелігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күздің 10 ерекшелігі

19.09.2015
Күздің 10 ерекшелігі

 

  1. Ауа райы

Күздің артықшылығы – салқындығында. Ғалымдар 5 минут күзгі таза ауада серуендеу – көңіл-күйді көтеретінін айтады.

 

  1. Пейзаж

Көшедегі қызыл, қызғылт сары және сары түстер адамның оптимисттік сезімін оятады.  Күзде бәріміз гүл терапиясынан өтетінімізді байқамаймыз.

 

  1. Дәрумендер

Жаз мезгілі - жидектерге, ал күз –  жемістер мен көкөністерге бай. Алма, асқабақ, жаңғақ – адам ағзасын токсиндерден тазартып, тыныс жолдарын түрлі аурулардан сақтайды.

 

  1. Ұйқыға қосымша уақыт

Күзде күн мен түн теңеліп, түн ұзара бастайды.

 

  1. Саңырауқұлақ  теретін кезең

Саңырауқұлақ теру – балалық шаққа саяхат жасап,  демалысты табиғат аясында өткізудің тағы бір мүмкіндігі.

 

  1. Стильді мезгіл

Күзгі гардеробтың ерекшелігі  - әртүрлілігінде.

 

  1. Шығармашылық жұмыс маусымы

Күз жаз бойы жиналып қалған  жұмысты жүзеге асыруға құлшыныс береді. Пейзаж немесе көкжиек  қолға қылқалам алып, сурет салуға талпындырады. Өлең шығарып, прозамен айналысуға түрткі болады. Немесе таңғажайып табиғат аясында  фотосессия ұйымдастыруға шақырады.

 

  1. Шабыт береді

Күз – жаз бойы армандап, кейінге қалдырылған жұмыстарды бітіруге арналған мезгіл. 

 

  1. Жаңа шығармашылық маусым

Күзде тек табиғат қана демалады. Мәдени өмір, керісінше, дамиды. Күз мезгілінде  жаңа фильмдер шыға бастайды. Театрлардың жаңа маусымы ашылып, заманауи өнер туындыларының көрмелері, сән апталығының ашылуы, концерттер көбінде күз мезгілінде ұйымдастырылады.

 

  1. Күзгі махаббат

Күз – романтикалық жыл мезгілі.

 

Интернет материалдары негізінде әзірленді

Хабарламаларға жазылу