Ертең Берік Әбдірахманов бокстан АРВ турнирінде чемпиондық жекпе-жегін өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең Берік Әбдірахманов бокстан АРВ турнирінде чемпиондық жекпе-жегін өткізеді

18.09.2015
Ертең Берік Әбдірахманов бокстан АРВ турнирінде чемпиондық жекпе-жегін өткізеді

Жекпе-жек Өзбекстан астанасы Ташкент қаласындағы «Өзбекстан» спорт кешенінде өтеді. Кештің басты жекпе-жегі 60 келідегі жобаның жеңімпаздары қазақстандық Берік Әбдірахманов пен өзбекстандық Хуршид Тожибоев арасында өтеді.

Еске сала кетейік, Берік Әбдірахманов жобаның Астанада өткен бірінші кезеңінің финалында Хуршид Тожибоевті ұтып, чемпион атанған. Сондай-ақ, Рио Олимпиадасына жолдама алған. Ал, биылғы кезеңде өзбекстандық боксшы Хуршид Тожибоев чемпион атанған еді.

Сенбі күні өтетін жекпе-жек Астана уақыты бойынша 21:30-да басталады.

Хабарламаларға жазылу