Боксшы Василий Левит 2016 жылғы Рио Олимпиадасына жолдама ұтып алды
Дүниежүзілік бокс сериясына қатысып жатқан «Астана арландары» клубының 91 келідегі боксшысы Василий Левит 2016 жылы Бразилия астансы Рио-де-Жанейрода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды.
Василий Левит WSB жобасы аясында 7 кездесу өткізіп, жетеуінде де жеңіске жеткен. Василий 7 кездесудің алтауында қарсыластарын техникалық нокаутка жіберіп, мерзімінен бұрын жеңген.
Бұл уақытқа дейін бокстан Қазақстан тарихында 91 келіде ешбір боксшы Олимпиада ойындарына барған емес. Яғни, Қазақстан Ұлттық құрамасының 91 келідегі тұңғыш жолдамасы.
Еске сала кетейік, бұл бокстан Қазақстан құрамасының екінші жолдамасы. Бұған дейін 60 келідегі боксшы Берік Әбдірахманов АРВ жобасында чемпион атанып, жолдамаға ие болған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
18.04.2026, 20:04
Ақтауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті
18.04.2026, 20:04
Қажылық сапар ұйымдастырамын деп 7,4 млн теңгені жымқырған ер адам сотталды
18.04.2026, 20:04
Ормұз бұғазы қайта жабылды
18.04.2026, 20:04
Трамп НАТО-ны сынға алды
18.04.2026, 20:04