Жәнібек Әлімханұлы Стивен Мартинеспен жұдырықтасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жәнібек Әлімханұлы Стивен Мартинеспен жұдырықтасады

01.02.2019

Қазақтың күрзі жұдырық жігіттері кәсіпқой бокс әлемін мойындатып жатыр. Сала мамандары мен жанкүйерлері әлемдік деңгейдегі Қазақстан кәсіпқой боксын тек Геннадий Головкинмен байланыстырып келсе, қазір адуынды жаңа буынға назар сала бастады. Өткен сенбіде Садриддин Ахметов WBC тұжырымы бойынша жастар чемпионы болды. Батыр Жүкембаев, Мейірім Нұрсұлтанов, Мадияр Әшкеев, Әли Ахмедовтардың да, сәтін салса, чемпиондық белбеу тағатын күні алыс емес.

2013 жылы әуесқой бокстан Әлем чемпионы болған Жәнібек Әлімханұлынан еліміз үлкен үміт күтіп отыр. Жәнібек ертең АҚШ-та кәсіпқой бокстағы бесінші жекпе-жегін өткізеді. Осы жауапты айқас алдында боксшының баспасөз хатшысы Берік Сұлтанды әңгімеге тартпақпыз.

Жәнібек Әлімханұлының Стивен Мартинеспен жекпе-жегін 3 ақпанда таңғы сағат 7:30-да «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан көре аласыздар. Ал, күндізгі сағат 16:30-да «Qazsport» арнасы жекпе-жекті қайталап көрсетеді. Бауырымызға қолдау көрсетейік.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу