Ертең Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейінде «Жапония қуыршақтары, кимоно және бұйымтайлары» көрмесінің салтанатты ашылуы өткізіледі. Көрме музейдің «Мәдениет арқылы үн қатысу» халықаралық жобасының аясында, Қазақстандағы Жапон елінің елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылуда.
Жапон мәдениеті өзінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Жапон мәдениеті Шығыс әлемі мен Батыс әлемі мәдениеттерінің тоғысқан жері. Қазіргі уақытта жапон мәдениетінің белгілері – қуыршақтар, икебаналар, желпуіштер және кимонолар бүкіл әлем тарапынан үлкен қызығушылық тудыруда.
«Жапон қуыршақтары, кимоно және бұйымтайлары» көрмесінде жапондықтардың дәстүрлі қуыршақтары, ұлттық киімдері, кимоно, хаори және желпуіштердің көптеген түрлері қойылады.
Қуыршақтар (жапон тілінде – «нингё») – Жапонияның мерекелік дәстүрінің ажырамас бөлігі. Жапония қуыршақтары өзінің қайталанбас жасалу үлгісімен және алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Бірнеше ғасыр бойы қуыршақтар жапондықтардың мерекелік іс-шараларында маңызды орын алды.
Сонымен қатар, жапон қуыршақтары – бұл тек өнер туындысы емес, сонымен бірге Күн Шығыс елінің бай мәдениетінің көрінісі. Қуыршақтарға киілген киімдер мен желпуіштер жапон халқының салт-дәстүрлері және әдет-ғұрыптарымен таныстырады.
«Жапон қуыршақтары, кимоно және бұйымтайлары» көрмесінің жәдігерлері көрерменге жапон мәдениетінің тарихынан сыр шертіп, дәстүрдің жалғастығын көрсетеді. Көрмеге келушілер жапон мәдениетіндегі қуыршақтардың алатын орнымен танысуға мүмкіндік алады.
Көрменің ашылу салтанатында жапондықтардың ұлттық киімі – кимоно дефилесі өтеді.