Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының директорының орынбасары, актер Талиғат Жігеров және осы театр актерлері Думан Омаров пен Салауат Түменов қонақ болды.
«Астанаға Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында төрт күндік гастрөлдік сапармен келдік. 14-18 қыркүйек аралығында көпшілік назарына қойылымдар ұсынамыз. Олар - Шыңғыс Айтматовтың «Жәмилә» спектаклі мен өзбек драматургі Саид Ахматтың «Супер келін» жеңіл комедиясы», - дейді театр директорының орынбасары.
Сондай-ақ, театр ұжымы кішкентай бүлдіршіндерге арнап, «Достар» спектеклі мен «Кім патша?» ертегілерін қояды.
Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының ұжымы, шығармашылық жетістіктері туралы толығырақ «Таңшолпан» бағдарламасынан біле аласыздар.